
Фото: istockphoto.com
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында соңғы жылдары тұрмыстық газдан улану деректері көбейгенін атап өтті. Оның айтуынша, тек өткен аптада ғана Ақтөбе облысында үш адам табиғи газдан уланып көз жұмған, олардың бірі – жасөспірім бала.
«Мұндай жайттарды барынша азайтуымыз керек. Қазір елімізде тұрғындарды газбен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Газ жабдықтарын орнату кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Газбен жылыту жүйесі бар әр үйде міндетті түрде ескерту датчигі орнатылуға тиіс», деді Олжас Бектенов
Сонымен қатар Олжас Бектенов газ қызметтеріне тұрғын үйлерде газды қауіпсіз пайдалану бағытындағы бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Премьер-министр өңір әкімдеріне бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, қажетті шараларды шұғыл қабылдауды міндеттеді.