Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мықтылар ғана қалады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлық пен судағы ең үздік фото­суреттерді анықтайтын «Жыл­дың үздік тұмса табиғат фото­суретшісі» байқауының биылғы жеңімпаздары белгілі болды.

Мықтылар ғана қалады

Сүтқоректілердің мінез-құлқын бейнелеу санатында америкалық фотограф Деннис Стогсдилл топ жарды. Ол Танзаниядағы Серенгети ұлттық паркінде жабайы мысық тұқымдасына жататын қарақалдың кішкентай қоқиқазды ұстаған сәтін таспалап үлгерген. Жалпы, қарақалдар – жәндіктерден бастап бөкен­дерге дейінгі әртүрлі жануарды аулайтын епті жыртқыш. Бірақ олардың қоқиқазды аулауы өте сирек кездеседі, сондықтан бұл кадр қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.