Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Үлгерген жұлып алады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жылдың үздік тұмса табиғат фото­суретшісі» сайысына қаты­сушылар саны осы жылы рекорд­тық көрсеткішке жетті. Нақтырақ айтсақ, байқауға биыл 60 636 жұмыс келіп түскен.

Үлгерген жұлып алады

Осынша сурет арасынан қытайлық фотограф Цинжун Янның туындысы ерекше бағаланды. Ол құстар мінез-құлқына арналған санатта жеңімпаз атанып, аққұтан тұмсығының астынан жемін қақшып әкеткен балықты дәл нысанаға алыпты. Цинжун бұл кадрды өз үйінің маңындағы Юньдан көлі жағасында түсіріпті.