
Фотограф бұл сәтті Италияның орталығындағы Лепини тауларында серуендеп жүргенде байқаған. Доминицидің еңбегі табиғи мекеннің жойылуы қандай нәзік жүйені бүлдіретінін әсерлі жеткізеді. Өйткені ұзынмүйіз қоңыздар қураған ағаштарды тесіп, саңырауқұлақтардың ішке енуіне жағдай жасап, табиғи ыдырау үдерісін бастайды. Егер олардың мекені жоғалса, бүкіл экожүйенің тынысы тарылады.