
Детектордың ерекшелігі – ол жарықтың ең ұсақ бөлшектері жеке фотондарды да дәл анықтай алады. Мұндай детекторлар кванттық коммуникация жүйелерінде қолданылады. Олар ақпаратты жеке фотондар деңгейінде яғни физикалық тұрғыда бұзуға болмайтын шифрлау кілттері түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс деректердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді.