Аймақтар • Кеше

Ұлытауда автожол саласы қызметкерлері марапатталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында Автомобиль көлігі және Автожол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Игі шарада еліміздің жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегі еленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытауда автожол саласы қызметкерлері марапатталды

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап,  ел экономикасы мен өңірдің өркендеуіне қосқан қомақты үлесін атап өтті.

«Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында елімізде жолаушылар мен жүк тасымалының үздіксіздігі қамтамасыз етіліп, автожол инфрақұрылымы жылдан жылға жаңарып келеді. Қалалық көлік жүйесін жаңарту және қала келбетін жақсарту, тұрғындарға жайлы қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 17 жаңа автобус сатып алынды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Ұлытау облысы бойынша төрт теміржол вокзалына жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Алдағы уақытта Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжар станциялары жаңа кейіпке енбек», деді облыс әкімі.

Еңбегімен елеулі болған сала қызметкерлері  «Құрметті жолшы» төсбелгісі, ҚР Көлік министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғысхаты, Ұлытау облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғысхатымен марапатталды.

Салтанатты жиын соңы жергілікті өнерпаздар мен елімізге танымал эстрада жұлдыздары Қанат Үмбетов пен Балжан Бидаштың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұлытау облысы