Роботтар қоймадағы міндеттердің 75 пайызына дейін жүзеге асырады. Бұл компанияға миллиардтаған доллар үнемдеуге мүмкіндік береді деп болжанып отыр. Дегенмен сарапшылар бұл қадамның екінші жағы бар екенін ескертеді. Егер жоспар жүзеге асса, «Amazon» бұрынғыдай ірі жұмыс беруші емес, керісінше «жұмыс орындарын жоюшы компанияға» айналуы мүмкін.