Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Германия, Чехия, Австрия, Беларусь, Иран, Ресей және Қытайды қоса алғанда барлығы 25 елден 300-ден астам компания қатысып жатқан KazAgro/KazFarm көрмелері аграрлық секторға арналған заманауи технологиялар мен шешімдерді ұсынады – дрондар мен дәл егіншілік жүйелерінен бастап жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды платформаларға дейін. Әлемнің жетекші аграрлық державаларының ұлттық павильондары өсімдік пен мал шаруашылығы, цифрландыру және тұрақты өндіріс салаларындағы инновацияларды таныстырып жатыр.

Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, тәжірибе алмасу және екі ел арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатындағы негізгі іс-шаралардың бірі – Қазақстан-Беларусь форумы, екі ел арасындағы аграрлық әріптестіктің деңгейі жоғары.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше биылғы көрме шеңберінде жастар бастамалары мен цифрлық технологияларға ерекше көңіл бөлінген. «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен AgroHackathon шеңберінде аграрлық жоғары оқу орындарының студенттері «ақылды» егіншілік, биотехнология және өнімділікті цифрлық мониторингтеу бағыттарындағы стартап-жобаларын таныстырып жатыр. Ең үздік жобалар эксперттік және инвестициялық қолдауға ие болады.