Кітапхана • Бүгін, 09:45

Креативті кітапхана ашылды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кітап – ақыл мен білімнің қайнар көзі. Астанада Республика күні қарсаңында жаңа кітапхана ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, мәслихат депутаттары, сондай-ақ мәдениет саласының өкілдері қатысты. Кітапхана Астана қаласы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарайды.

Креативті кітапхана ашылды

Көркі көз тартатын жаңа кітапха­на­ның заманауи оқу залы мен коворкингі, 3 мыңнан астам кітап қоры бар. Бір уақытта алты мың оқырманға қызмет көрсете алады. Университет пен мектепке, «Egemen Qazaq­stan» газетінің редакциясына жақын орналасқан бұл кітапханаға келушілер қарасы өте көп.  Стилі де бөлек, кең əрі за­манауи үлгіде салынған. Ең бастысы, оқырманға барлық жағдай жасалған, кітапты үйге алып оқуға да болады. Жаңа ны­санның ішкі дизайны да жанға жылылық, миға тыныштық сыйлайды.

о

«Креативті кітапхана деп атап отырғанымыз бекер емес. Өйткені  келешекте  кітапхана­лар мен креативті индустрия өкілдері арасында байланыс орнатып, кітапхана кеңістігін зият­керлік платформаға айнал­дырсақ деген ойдамыз. Соны­мен қатар мұнда оқу залы, арт-шеберханасы, пікірталас алаңы, шығармашылық ше­бер­ханалар сияқты функ­цио­­налдық аймақтар жұмыс істейді», дейді Астана қаласы «Орталықтандырылған кі­тапха­налар жүйесінің» басшысы Гүлбадан Мәдібаева.

Айта кетейік, елордада кітапхана жүйесін жаңғырту жұ­­мыстары жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Нақтырақ айтсақ, елордада 2023 жылы төрт кітапхана жөндеуден өтсе,  былтыр тағы төрт нысан жаң­­ғыртылып, төрт кітапхана пайдалануға берілді. Ал биыл үш кітапхана іске қосылып отыр. Сөйтіп, қазіргі уақытта Астана қаласында 25 кітапхана жұмыс істеп тұр.