Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:55

Тәуелсіздік қаласы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана – әлем картасындағы ең жас әрі жаңа қала. Елорданы жай ғана әкімшілік орталық емес, тәуелсіздіктің нағыз туындысы деу­ге болады.

Тәуелсіздік қаласы

Сурет: ашық дереккөзден

1997 жылы Қазақстанның астанасы ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Бұл шешім елдің даму бағытын түбегейлі өзгертті. Ал 1998 жылы жаңа елорда ресми түрде Астана деп аталды. 1999 жылы ЮНЕСКО «Бейбітшілік қаласы» атағын беріп, бұл шаһарды әлем мойындады. Бүгінде Астана – тек еліміздің емес, тұтас Орталық Азияның цифрлық, дипломатиялық және мәдени хабына айналған қала. «Бәйтерек» монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы,  EXPO, «Астана Опера», «Хан Шатыр» орталығы секілді ғимараттар – елдің мәдени және рухани өркендеуінің рәмізіне айналды.