Пікір • Бүгін, 08:48

Мұрат ҚАРАЖҰМАНОВ, «Мәмбетов және К» КС механизаторы, Қазақстанның Еңбек Ері

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамлют ауданындағы «Мәмбетов және К» КС шаруашылығында көп жылдан бері еңбек етіп келемін. Бүгін еңбегім жанып, осындай жоға­ры дәрежелі марапатқа ие болғаныма қуаныш­тымын.

Мұрат ҚАРАЖҰМАНОВ, «Мәмбетов және К» КС механизаторы, Қазақстанның Еңбек Ері

Сурет: qaz-media.kz

Арғы бабаларымыз, атам да, әкем де осы ауылда жұмыс істеді. Атакәсіпті ұрпақтан-ұр­пақ­қа жалғастырып келе жатқан әулетпіз. Бүгін­де осы салада еңбек ететін 30-дан астам Қара­жұ­ма­н әулетінің ортақ еңбек өтілі 600 жылдан асады.

Әулеттің негізін қалаушы атамыз Қуат Ысқақ­ұлы Қаражұманов болды. Оның еңбек жолын ұлдары Ермек, Кеңес, Марат жалғастырды. Бүгінде әулеттің төртінші буыны, немерелер – Мұрат, Сәкен, Қалкен, Қайсар, Оралбай, Аман­тай, Мақсат туған өлкесінің игілігіне еңбек етіп, ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосып жүр.

Кезінде шаруашылығымыздың негізін қала­ған, қазірде Мәжіліс депутаты Е.Мәмбетовтен бастап, жоғары марапатқа ие болғаныммен құттықтаушылар көп. Бәріне алғысым шексіз. Адал еңбек ешқашан елеусіз қалмайды. Егемен еліміздің іргесі тыныш болсын, іші ырысқа толсын.

 

Солтүстік Қазақстан облысы