Спорт • Бүгін, 15:41

Абдулла Батырбек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында джиу-джитсу жарыстары тартысты басталды. Қазақстандық балуан Абдулла Батырбек ел намысын абыроймен қорғап, финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абдулла Батырбек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Азия ойындарында джиу-джитсудан қазақстандық спортшы Абдулла Батырбек 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда тәжікстандық қарсыласы Абдурахмон Саидбековпен күш сынасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.