ПЕТРОПАВЛ. 19 ақпан. Алғашқы нөмірі Омбы қаласында 1920 жылы ақпанда «Кедей сөзі» деген атпен шыққан бүгінгі «Солтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдығы облыстың мәдени-рухани өміріндегі айтулы оқиға ретінде қарастырылып, арнайы жарияланған апталық шеңберінде атап өтілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Он тоғызыншы ақпандағы тұтас санында еліміздің, өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды өзгерістер мен жан сүйсінертер жақсы істерді, қалыптасқан іс-тәжірибелерді талмай насихаттап келе жатқан Қазақстандағы байырғы басылымның даму тарихы, ұлттық мінберге қалай айналғаны, қандай ұлт тұлғалары басшылық жасағаны, қызмет еткені, қазіргі шығармашылық әлеуеті жайлы кеңінен баяндалған. «Кедей сөзі, «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Ленин туы» деген атаулармен жарық көріп, тіл, діл мәселелерін өткір көтеріп отырған. Оның қабырғасында әр кездері Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Сәбит Мұқанов, Мәжит Дәулетбаев, Елжас Бекенов, Шахмет Құсайынов, Әлжаппар Әбішев, Әбділдә Тәжібаев, Жақан Сыздықов, Жұмағали Саин, Диқан Әбілев, Сафуан Шаймерденов, тағы басқа есімдері елімізге кенінен таныс қаламгерлер еңбек еткен.
Мерекелік нөмірде облыс әкімі Ерік Сұлтановтың, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, академик Зейнолла Молдаметовтың, «Егемен Қазақстан» газетінің вице президенті-бас редакторы Жанболат Аупбаевтың, тіл жанашырлары мен оқырмандардың жүрекжарды құттықтау-лебіздері берілген.
«Қызылжар-Ақпарат» медиахолдингінің директоры, газеттің басшысы Кәрібай Мұсырман арнау мақаласында Қызылжар жұртшылығының рухани шаңырағының Ел Тәуелсіздігіне қалтқысыз қызметі жөнінде пайымды мысалдар келтірген.
Апталық аясында облыстық әкімдікте редакция ұжымын қабылдау, таңдаулы қалам иелерін марапаттау, жер-жерлерде оқырмандар конференцияларын өткізу, кездесулер ұйымдастыру шаралары көзделген.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 19 Ақпан, 2015
Петропавлда «Солтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдығы атап өтілді

Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Дубайда тұруға рұқсат алу жеңілдеді
Оқиға • Бүгін, 11:58
Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?
Медицина • Бүгін, 11:34
Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады
Білім • Бүгін, 11:10
Дубайға жол ашылды: Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін толығымен ашты
Әлем • Бүгін, 10:35
Теңіздегі тексеріс: 27 шетелдік Қазақстаннан шығарылды
Оқиға • Бүгін, 10:20
Аида Балаева көші-қон саясатын жетілдірудің басым бағыттарын түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 10:07