Сурет ашық дереккөздерден алынды
Ғалымдардың айтуынша, лира құсы өз әуезінің 70–80 пайызын басқа құстардың үнін дәлме-дәл қайталауға арнайды. Бірақ ең таңғаларлығы, лира тек табиғи емес, жасанды дыбыстарды да еркін келтіреді. Фотоаппараттың шырт еткен дыбысы, көліктің дабылы, араның гуілін, балалардың күлкісін де қайталай алады.
Биологтер лира құсын «тірі магнитофон» немесе «табиғаттың архиві» деп те атайды. Себебі ол орманнан естігеннің бәрін есте сақтап, дыбыспен қайта жаңғыртады.