Алматы • Бүгін, 10:02

Алматыда алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының әл-Фараби даңғылында бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған.

BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.