Аймақтар • Кеше

Алматы – Бішкек тасжолында үш көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарасай ауданындағы Алматы – Бішкек тасжолының 41-шақырымында үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы – Бішкек тасжолында үш көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus RX300 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser 100 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлық жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақаттармен Қаскелең қалалық ауруханасына жеткізілді, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден абай болуды, жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз, – деп ескертті полиция өкілдері.