Экономика • Кеше

Қазан айында инфляция 12,6%-ға баяулады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, инфляция 2025 жылғы қазан айындағы есеп бойынша 1 жылда – 12,6%-ды,  бір айда – 0,5%-ды құраған. Қыркүйекте жылдық көрсеткіш 12,9% құраған еді, деп жазады Egemen.kz.

Қазан айында инфляция 12,6%-ға баяулады

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Бір жылда азық-түлік тауарларының бағасы  – 13,5% (2025 жылғы қыркүйекте – 12,7%), ақылы қызметтер – 12,9% (2025 жылғы қыркүйекте – 15,3%), азық-түлік емес тауарлар құны – 11% (2025 жылғы қыркүйекте – 10,8%) өскен.

Сондай-ақ ет және ет өнімдері – 21,1%, сүт өнімдері – 10,6%, жемістер мен көкөністер – 12,1%, тұрғын үй қызметтері, су, электрэнергиясы, газ және отынның басқа да түрлері – 11,3 % көтерілген.

Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау қызметтері (1,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,3 пайыздық тармақ) қосқан.

Өткен айда ақылы қызметтер құны – 0,8% төмендеген.