Фото: Видеоскрин
«Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін және арақашықтықты қатаң сақтау, жолдардағы көктайғақ пен төмен көріну жағдайларын ескеру ұсынылады», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, қосымша ақпаратты сол орталықтан алуға болады.