Инвестиция • Бүгін, 10:21

«Ақтау теңіз портына» 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

«Ақтау теңіз портына» 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында аймақ аумағына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі – 6,6 млрд теңге, ал жалпы инвестиция көлемі 25,1 млрд теңгеге жетті. Осы кезеңде АЭА кәсіпорындары 58,3 млрд теңгенің өнімін өндіріп, оның бір бөлігі 108,9 млн теңге көлемінде экспортталған.

1

Аймақтағы өндірістік белсенділіктің артуы 3 052 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Бұл – өңір тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер мен тұрақты табыс көзі. Қазір АЭА аумағында 55 компания тіркелген. Оның 27-сі толық іске қосылған, ал 28 жоба жүзеге асырылу кезеңінде.

2

Мұндай жобалар өндірістік әлеуетті арттырып, өңір экономикасын әртараптандыруға және экспорттық бағытты күшейтуге жол ашып отыр. АЭА құрылған сәттен бері аймақ экономикасына салынған инвестицияның жиынтық көлемі 362 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде 179,2 млрд теңге – шетелдік инвестиция.

3

Бюджеттен бөлінген әрбір 1 теңгеге шаққанда 46,4 теңге жеке инвестиция тартылып, 9,1 теңге салық түсімі қамтамасыз етілді. Бұл – «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның тиімді жұмыс істеп, өңір дамуына нақты үлес қосып отырғанының айқын дәлелі.