Фото: Синьхуа
Бейжің уақытымен сағат 11:47-де ұшырылған «Чанчжэн-7» («Ұлы жорық-7») зымыран тасығышы спутникті есептелген орбитаға дәл шығарды. «Яогань-46» жерді қашықтан зондтау спутнигі табиғи апаттардың алдын алу мен олардың салдарын азайту, жер ресурстарын зерттеу, гидрология мен метеорология салаларындағы ғылыми жұмыстарды жетілдіру мақсатында қолданылатын болады.
Бұл «Чанчжэн» зымырандар сериясының 605-ші сапары саналады. Қытайдың ғарыш саласы соңғы жылдары белсенді дамып, Жерді зерттеу мен мониторинг бағытындағы технологиялық әлеуетін арттырып келеді.