Мәдениет • Бүгін, 16:20

Енді тоғызқұмалақты Пәкістанда да ойнайды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлтымыздың зияткерлік мұрасы саналатын тоғызқұмалақтың халықаралық ауқымы тағы бір елмен толықты. Исламабадта Пәкістан Тоғызқұмалақ федерациясы ашылып, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Енді тоғызқұмалақты Пәкістанда да ойнайды

Фото: ашық дереккөз

Ресми іс-шараға Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов, Қазақстан федерациясының президенті Әкім Тұрсұн, атқарушы директор Серік Ақтаев, сондай-ақ Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қыстафин қатысты.

Жиналыс барысында Пәкістан Тоғызқұмалақ федерациясының алғашқы президенті болып елдің Ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш сайланды.

Жаңа ұйымның құрылуына Қазақстан елшілігінің қолдауы айрықша ықпал етті. Елшілік бастамасымен Исламабадта салынып жатқан «Достық» спорт кешенінде қазақтың дәстүрлі спорт түрлері – қазақ күресі мен тоғызқұмалақ тұрақты түрде дамытылады. Алдағы уақытта Пәкістанның басқа да ірі қалаларында осындай спорт орталықтарын ашу жоспарланып отыр.