Экономика • Бүгін, 17:42

Тұрмыстық техника сатылымы ҚҚС-тан босатылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Тұрмыстық техника сатылымы ҚҚС-тан босатылады

Фото: aikyn.kz

Қосылған құн салығынан тұрмыстық техника ғана емес, оның құрамдас бөлшектері де босатылады. Тізімге тоңазытқыш, мұздатқыш, кір жуғыш машина, пеш, кондиционер, үтік, ыдыс жуғыш машина, шаңсорғыш, су жылытқыш, монитор мен  проекторлар енгізілген.

Қол қойылған құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Еске салайық, елімізде жаңа жылдан бастап ҚҚС мөлшері 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаяды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, айналымы 43 миллион теңгеден асатын кәсіпорындар үшін ҚҚС бойынша есепке қоюдың үш санаты енгізіледі.