Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Мөлдір Ирбатырованың дерегіне қарағанда, қан сынамасын зерттеу қорытыдысымен 518 малдан бруцеллез ауруы анықталып отыр.
«Оның ішінде 240 ірі қара, 275 ұсақ мал, 3 түйе бар. Бірақ төрт түліктің бруцеллезге шалдығу дерегі былтырғы көрсеткіштен азайды. Ауру мал заң талаптарына сәйкес қайта өңдеуге өткізілді. Бұл жұмыстың нәтижесінде мал иелеріне жергілікті бюджет есебінен 15 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Қолданыстағы ережеге сәйкес өңдеуге өткізілген ет өнімдері құнының 30 пайызы жергілікті бюджеттен, ал 70 пайызы қайта өңдеу кәсіпорындарының қаржысы есебінен төленеді», - дейді Мөлдір Ирбатырова.
Оның айтуынша, тұрғындар иелігіндегі малды дер кезінде ветеринариялық тексеруден өткізуі қажет. Бұл төрт түліктің инфекциялық ауруларға шалдығуының алдын алуға ықпал етеді.