Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD Жандос Болдықов қатысып, «Ұлы Жеңіс қаһармандары. Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы соғыстың адамдық қыры» тақырыбында баяндама жасады.
Конгресс аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Беларусь Ұлттық кітапханасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Меморандум аясында тараптар мәдени алмасуды кеңейтіп, кітапхана ісі мен оған қатысты салаларда ынтымақтастықты дамытуға келісті. Сондай-ақ кітапхана құжаттары мен ақпараттық ресурстарды бөлісу, цифрландыру, библиография және ғылыми ақпарат салаларында бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланған.