Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Бастапқы жоспар бойынша жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5,0% аудару міндеті қойылған.
Мәжілісмен А.Аймағамбетов қаржы сарапшыларының пікірлерін алға тарта отырып, аталған 5%-дың 4%-ын азаматтардың жеке шотына аудару ұсынысын көтергенін жеткізді.
«Қазір Бірыңғай зейнетақы қорына әрқайсысымыздың жалақымыздан 10% аударым міндетті түрде жасалады. Былтыр жұмыс берушілер де өз қаражатынан аударым жасауға міндеттелді. Енді біз және қаржыгерлер осы қосымша жұмыс берушілердің төлейтін 5%-ының 4%-ын әр адамның жеке шотына берсе дейміз. 1%-ын жалпы қорға аударуды ұсынамыз. Өйткені елімізде жалақы алмайтын азаматтар да бар. Оларға да зейнетақы төленуі керек. Мәселен, қазір сіз БАҚ-та қызмет етіп жүрсеңіз әр жалақыңыздың 10%-ы БЖЗҚ-ға аударылып жатыр. Оған жұмыс берушінің 5%-ы да қосылады. Жоғарыда айтқан пікірімізді бұрынғы Ұлттық банк қызметкерлері, төрағалары да қолдап отыр. Менің де жеке пікірім осы ұстанымға саяды», деді депутат.