Қоғам • Бүгін, 17:13

«ҮРКЕР» – 2025 Ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2025 Ұлттық сыйлығының номинанттары белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

«ҮРКЕР» – 2025 Ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды

Фото: Ашық дереккөзден

Биыл ұлттық бәйгеде 11 аталым бойынша үздіктер анықталады. 

Байқауға журналистерден 400-ден астам өтінім келіп түскен. Үздік жұмыстарды анықтау үшін тәжірибелі журналистер мен медиа-менеджерлерден құралған тәуелсіз қазылар алқасы жұмылдырылған. Олардың шешімімен шорт-листке 44 номинанттың есімі еніп отыр.

Жылдың үздік сұхбаты:

- Әсет Қали – «Айқын» газеті;

- Ризабек Нүсіпбек – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі;

- Бауыржан Карипов – Qaz365.kz ақпарат агенттігі;

- Тоғжан Ғани – «Время» газеті.

 

Жылдың үздік репортажы:

- Иван Сухоруков – Tengrinews.kz сайты;

- Ризабек Нүсіпбек – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі;

- Ольга Золотых – Zakon.kz сайты;

- Ләззат Құсаинова – Liter.kz сайты.

 

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:

- Тамара Вааль – Vlast.kz сайты;

- Мұрат Аяғанов – «Егемен Қазақстан» газеті;

- Бота Ибраева – Zakon.kz сайты;

- Көктем Қарқын – «Айқын» газеті.

 

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

- Алтынай Сағындықова – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі;

- Ерсін Мұсабеков – Ortalyq Qazaqstan газеті;

- Рыскелді Жахман – Inbusiness.kz ақпарат агенттігі;

- Майра Ерғали – «Атырау» газеті.

 

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

- Балжан Смаилова – Inbusiness.kz ақпараттық агенттігі;

- Шапағат Әбдір – «Астана Ақшамы» газеті;

- Айнұр Шошаева – Kursiv қоғамдық-саяси медиасы;

- Илья Пащенко – «Казахстанская правда» газеті.

 

Радиостанциядағы үздік жоба:

- «Нысана» – «Шалқар» ұлттық радиоарнасы;

- «Ұрпақтар ұмытпайды» – 102 FM радиосы;

- «Еңбек адамы» - ORDA FM радиосы;

- «Тіл білімі, саясаты» – ALQA радиосы.

 

Жылдың үздік фотосуреті:

- Юрий Беккер – «Казахстанская правда» газеті;

- Игорь Бургандинов – «Казахстанская правда» газеті;

- Қуандық Төлемісов – «Актюбинский вестник» газеті;

- Алтынбек Қартабай – «Ар-Ай» газеті.

 

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

- Zakon.kz;

- Newtimes.kz;

- Inbusiness.kz;

- Adyrna ұлттық порталы.

 

Үздік өңірлік БАҚ:

- «Астана ақшамы» газеті;

- Life09 ақпарат агенттігі;

- «Жаңақорған тынысы» газеті;

- Lada.kz ақпарат агенттігі.

 

Жылдың үздік подкасты:

- Айқап;

- Qstar Group;

- «Қазақстан тарихы»;

- «Qalam».

 

Жылдың үздік YouTube-арнасы:

- Tengri TV;

- Эксперты KZ;

- Aigerim Seifolla;

- The Фермер.

Ұлттық бәйге жеңімпаздарының есімі 7 қараша күні жарияланады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді. Жеңімпаздарға «ҮРКЕР» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.

Талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтауды мақсат еткен байқаудың өтуіне Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры мұрындық болған. Ал іс-шараның демеушілері – «Qazcontent» АҚ, «Қазақ газеттері» ЖШС және «Sport+» телеарнасы.