Мектеп • Кеше

Түркістан облысында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келес ауданы, Абай ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында 600 орындық мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді

 

«Келешек мектептері» жобасы аясында облыста құрылысы қолға алынған 29 мектептің 13-і өткен оқу жылында пайдалануға берілсе, биыл 11 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 5 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, жоспар толық орындалмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мектепте спорт залы, мәдениет залы, асхана, коворкинг алаңдары, кітапхана, мәжіліс залы, арнайы пән кабинеттері мен шеберханалар бар. Сондай-ақ оқушылардың саламатты өмір салтын қалыптастыруына арналған ашық футбол алаңы да қарастырылған.

№65 жалпы білім беретін мектебінің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтады. Жаңа мектепті аралап көрген ата-аналар мен оқушылар сапалы білім алуға барлық жағдай жасалғанын айтып, ғимараттың кеңдігі мен сәніне ерекше ризашылықтарын білдірді.