Ән • Кеше

8 қараша күні ерекше музыкалық кешке келіңіз

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Иоганн Штраус II 200 жылдығына орай музыкалық кеш өткізеді, деп жазады Egemen.kz.

8 қараша күні ерекше музыкалық кешке келіңіз

Фото: pinterest.com

Ұлы маэстроның мерейтойына орай Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Қазақстандағы Австрия Елшілігінің қолдауымен оның ең танымал шығармалары «Көктем дауыстары», «Император вальсі», «Әдемі көгілдір Дунайда», «Радецкий маршы», сондай-ақ, вена музыкасы репертуарынан концерттік бағдарлама ұсынады.

Бағдарламадағы ерекше мәнге ие шығармалардың бірі – Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі». Эрнест Хётцльдің дирижерлігімен өтетін концертте көрермен Штраустың көп орындала бермейтін полонез, полька және марштарының ерекше әуенін тыңдай алады.

Эрнест Хётцль әлемнің ең беделді концерт залдарында өнер көрсеткен. Оның өнері Musikverein (Вена), Philharmonie (Берлин), Carnegie Hall (Нью-Йорк), Teatro alla Scala (Милан) сияқты беделді сахналарда жоғары бағаланған. Ол Еуропа мен Азияның жетекші оркестрлерімен бірлесе жұмыс істеп, әлемдік классикалық музыка аясында әр халықтың ұлттық нақышын нәзік сезініп, шебер жеткізе білуімен ерекшеленеді.

Музыкалық кеш Қазақконцертте (Мәңгілік ел, 10/1) 08 қараша, сағат 18:00-де өтеді.