Фото: Ақорда
Жиында өңірлік қауіпсіздік жағдайы жөнінде жан-жақты пікір алмасу болды. Тараптар ТМД аумағындағы сын-қатерлер мен қауіптерді және оған бірлесіп ден қою шараларын талқылады.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы әріптестерін еліміздің негізгі бағыттар бойынша ұстанымымен таныстырып, ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, халықаралық террористік желілердің қызметін тоқтату, есірткі қылмысына және цифрлық активтермен операциялар салаларындағы теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шараларды күшейту мәселелері қаралды.