Сурет: primeminister.kz
Спорт кешенінде олимпиадалық стандарттың сертификатталған құралдарымен жабдықталған бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған залдар салынады. Бұл Көкшетауда республикалық, әлемдік деңгейдегі IBA жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді.
Спорт кешенінің аумағында екі футбол алаңы, ядро мен найза лақтыруға арналған алаң, ойын-жаттығу аймақтары, әмбебап спорт алаңдары, жеңіл атлетика аймағы орналасатын болады. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін арнайы құрал-жабдықтар қарастырылған. Бұдан бөлек, өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған скалодром мен мұнарасы бар әмбебап спорт залын ашу жоспарланып отыр. Мұнда кәсіби құтқарушыларды даярлайтын Азаматтық қорғау академиясының курсанттары өздерінің кәсіби дағдыларын арттыра алады.
Мәдени-бұқаралық іс-шараларға арналған заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық зал да қолданысқа беріледі. Нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, ішкі әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілер жүргізіліп жатыр. Нысанның жалпы дайындығы – 85%. Осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланған.