Пікір • Бүгін, 08:15

Елдік тұтастыққа үндейді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қ.Тоқаев Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі сая­сатының негізгі қағидат­тары, құнды­лықтары мен бағыт­тарын бекіту туралы» құжатта қоғам үшін маңызды тұғыр­лы идеологиялық мәселелер қарапайым тілмен ұғынықты жүйеленген.

Елдік тұтастыққа үндейді

Сурет: kaz.inform.kz

«Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт» қағидаты – бүгінгі қазақ қоғамының дертіне айналған проблеманың оң шешімі. Пікір алуандығы­на да орын бере отырып, демократиялық құндылықтарды бұзбай, елдің мүддесіне ұйысуға үндейтін ұстаным. Біз бірдей ойлауға міндетті емеспіз, алайда бір ту астында тіршілік етіп жатқандықтан  түпкі мүддеміз де тұтасып, нығаюы керек. Осы ұлттық идеология іске асса, қоғамның да қауқары күшейеді.

«Таза Қазақстан» қағидаты адам өмірінің барлық саласын қамтиды. «Таза» сөзі экологияға ғана қатысты емес, ол – сананың, пейілдің, ойдың, іс пен сөздің тазалығы. Әр адамды мемлекетті құраушы тұлға деп түсінсек, әрқайсымыз азаматтығымызды, арымызды таза ұстауға ұмтылғанымыз абзал.  Қоқыс тастама, дұрыс сөйле, заң бұзба, адал еңбекпен ақша тап, айналаңа қамқор бол.  Осы қарапайым мұрат-мақсат өз мәнінде жүзеге асырылса еліміз көркейеді, Отанымыз мызғымастай болып беки түседі. Оны еліміздің әрбір азаматы күнделікті міндетім деп қабылдауға тиіс. Сол тұрғыда бұл құжат қалың елге  серпіліс береді деп сенеміз.

 

Самат НҰРТАЗА,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар

Жануар бейнесіндегі бағаналар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Ұшқышсыз тікұшақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:03

Көне құжаттағы уақыт табы

Архив • Бүгін, 08:58