«JMJ Associates» – қауіпсіздік мәдениетін дамытуға әрі көшбасшылардың рөлін күшейтуге маманданған компания. Бірлескен жобаның мақсаты – «Қазақмыстың» барлық кәсіпорынында адамның өмірі мен денсаулығы әрбір қызметкердің жеке құндылығына айналатын тұрақты қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
«Біз бұл аудитті тек рәсімдік тексеріс деп емес, компания болашағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығына жасалған стратегиялық инвестиция деп қарастырамыз», деді Нұрахмет Нуриев.
Еліміздегі «JMJ» бөлімшесінің жетекшісі Ренат Сәлімғалиевтің сөзінше, жұмыс диагностикадан басталады. Сұхбат алынып, өндірісте бақылау жүргізіледі, үдерістерге талдау жасалады. Бұл жүйенің артықшылығы мен жетілдіруді қажет ететін бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жоба екі бағытта іске асады. Бірінші бағыт – қызметкерлердің қауіпсіздікке деген жеке жауапкершілігін қалыптастыру. Басшылар жақсы үлгі көрсетеді. Ұжымда сенім мен ашықтық орнайды. Екінші бағыт – қауіпсіз еңбек ортасын құру. Тәуекелдер азайып, қауіпсіздік ережелерін сақтау күнделікті жұмыс дағдысына айналады.
«Жоба бірнеше жылға жоспарланған. Біз барлық деңгейдегі қызметкерлерді оқытамыз, ішкі көшбасшылар мен қауіпсіздік амбассадорларын даярлаймыз. Мақсатымыз – жоба аяқталғаннан кейін де компания ішінде қауіпсіздік мәдениетін дамыту», деді Ренат Сәлімғалиев.
«JMJ» компаниясын осы ынтымақтастық арқылы қызметкерлер мен басшылық арасындағы сенімді нығайтып, жарақат алу мен оқыс оқиғалардың саны азайып, ал қауіпсіздік күнделікті жұмыстың қалыпты бөлігіне айналатынына сенеді.
Нұрахмет Нуриевтің айтуынша, жобаға қатардағы басшыдан бастап, жоғары менеджментке дейінгі басқарудың барлық деңгейі қатысады. Аудит қорытындысында 2028–2029 жылдарға дейінгі қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге арналған ұзақмерзімді бағдарлама әзірленеді. Мақсат – ереже сақтауды автокөлікте қауіпсіздік белдігін тағу сияқты әдетке айналдыру.