Саясат • Бүгін, 08:38

Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк делегациясымен кездесті. Кездесуде «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асырудың келесі кезеңдері мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда банктің атқаратын рөлі талқыланды.

Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Келіссөздер барысында Дүниежүзілік банк өкілдері қолжетімді несие құралдарын ұсынды. Олар қаржыландыру шарттары мен пайыздық мөлшерлемелер туралы ақпарат берді. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мемлекеттік органдармен бірге 2029 жылға дейінгі ірі жобалар тізімін әзірлеп жатыр. Бұл жобалар толық талқылау және келісу үшін Дүниежүзілік банкке жіберіледі.

Тараптар сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін дамыту мәселесін де қарастырды. Елімізде бірнеше ірі су арнасы зерттелді. Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін дамыту бойынша жол картасы дайындалды. Дүниежүзілік банк қаржысы гидравликалық жүйелерді орнатуға, су арналарын автоматтандыруға және цифрландыруға жұмсалмақ. Алғашқы жобалар Астана, Ақтау, Петропавл, Талдықорған, Сарыағаш, Текелі және Қосшы қалаларында жүзеге асады.

Алдағы уақытта мелиорация жүйелерін, жылу мен энергетикалық желілерді жаңғыртуға бағытталған тағы екі жол картасы дайындалады. Кездесу соңында Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банкке алғысын айтты. Ол банк тобының стратегиялық инфрақұрылым нысандарын жаңғыртуға қатысуға дайын екенін жоғары бағалады.