Аймақтар • Бүгін, 08:53

Жылыжай ісін ілгерілететін бастама

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Жақында ауданның 15 тұрғыны «Batys AgroHub» жобасының қатысушысы атанды.

Жылыжай ісін ілгерілететін бастама

Бөрлі ауданында тағы 15 тұрғын жылыжай салуға грант ұтып алып, «Batys AgroHub» жобасының екінші легіне қосылды. Жеңімпаздардың басым бөлігі – Ақсай мен Пуга­чёво ауылдарының тұрғындары, сондай-ақ Қызылтал, Аралтал, Ақсу және Бөрлі елді мекенде­рінен де бар.

«Batys AgroHub» жобасы 2024 жылғы қарашада Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В кон­сор­циумының акционерлері – «Шелл Қазақстан» мен «Эни» компанияларының қолдауымен басталған еді. Жобаны Орта­лық Азияның Еуразия қоры мен Алматы облысындағы Еңбекші­қазақ аудандық қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бұл жобаның мақсаты – Бөрлі ауданы тұрғындарына жылыжай шаруашылығын дамытуға көмектесу, отбасылардың табысын арттыру және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту.

Жобаға қатысушыларға тә­жі­­­рибелі агрономдар мен ке­ңес­­­шілер көмек көрсетеді. Олар жылыжай ісін жүргізу, өнім­­ді сату және маркетинг мәсе­лесін үйретіп қана қой­май, бизнес-жоспар құруға көмек­теседі. Басқа өңірлерге ісса-пар ұйымдастырып, тәжірибе алмас­тырады. Биыл көктемде бөрлілік алғашқы он тұрғын өз жылыжайын салып, «Батыс Агроөнiм» брендімен көкөніс сата бастады. Өткен жазда олар Алматы облысына барып, әріптес­терінен жаңа тәжірибе алды.

«Batys AgroHub» жоба­сы­ның екінші легіне қызығу­шылық жоғары болды. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, 100-ден астам адамнан өтініш түскен. Байқау қорытындысында екі күндік интенсив тәжірибе мен сарапшылардың онлайн-оқуынан өткен 15 қатысушы ірік­телді. Қазылар алқасы биылғы дайындық деңгейі өте жоғары деп отыр. Жобаға қатысуға ниет білдірген үміткерлердің біразы жылыжай ісінде қандай да бір тәжірибеден өткен екен. Ал бұл – табыс кепілі болары анық.

Бүгінде осы жобаның арқа­­сында өңірде жылыжай ісімен ай­на­­лысатын жандар жыл са­йын кө­бейіп келеді. Бұл Бөрлі ауданы тұр­ғындарына мол өнім алып, туған жерде өз әлеуетін жү­зеге асыруға жаңа мүмкіндік береді.

 

Батыс Қазақстан облысы