Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:03

Ұшқышсыз тікұшақ

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың «United Aircraft» компаниясы «Boying T1400» атты жаңа ұшқышсыз тікұшақты сынақтан өткізді. Құрылғы бір ұшқанда сегіз сағатқа дейін әуеде тоқтаусыз қалық­тай алады және 6,5 шақырым биік­тікте тұрақты ұшу қабілетіне ие.

Ұшқышсыз тікұшақ

Сурет ашық дереккөзден алынды

«Boying T1400» екі қозғалтқышпен жабдықталған, интеллектуалды бас­қару жүйесімен басқарылады. Инженер­лердің айтуынша, мұндай дрондар ауыл шаруашылығында, логистикалық тасымалдауда, табиғи өрт ошақтарын әуеден бақылауда тиімді. Мамандар тікұшақтың ұзақ ұшу мүмкіндігі жедел қызметтер мен экологиялық мониторинг жүйелерінде серпіліс әкеледі деп болжап отыр.