Фото: City Transportation Systems
Компания келесі бос жұмыс орындарын ұсынады:
- Станция ауысымының басшылары;
- Станция кезекшілері;
- Қозғалыс диспетчерлері (жылжымалы құрам орталығы);
- Орталық посттың диспетчерлері;
- LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
- Сигнал беру жүйесі техниктері;
- Байланыс техниктері;
- Электромонтерлер;
- Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
- Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
- Қойма меңгерушілері.
Оқыту және жұмысқа орналасу
Болашақ қызметкерлерді оқыту жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Бағдарлама теориялық және практикалық дайындықтан тұрады және Қазақстан мен Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы жұмысына байланысты 4–6 айды құрайды.
Оқу аяқталған соң қатысушылар халықаралық үлгідегі сертификат пен LRT құрылымдарында кепілді жұмыс орнын алады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
-
Көлік, машина құрастыру, электротехника немесе осыған ұқсас бағыттар бойынша жоғары немесе арнаулы орта білім;
-
Кемінде 2 жылдық жұмыс өтілі.
Оқу кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Ал жұмысқа орналасқаннан кейін еңбек кестесі лауазымның ерекшелігіне қарай ауысымдық болуы мүмкін.