Көрнекі фото: pixabay.com
Вице-министрдің айтуынша, «Білім туралы» заң бойынша оқушыларға сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салынған, норма шеңберінде ата-ана жауапкершілігі қарастырылған.
«Яғни, оқушы сабақ уақытында телефон пайдаланса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет міндетті түрде ескерту беріледі, ал кейінгі құқық бұзушылықтар үшін 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады», деді М.Мелдебекова.