Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жалғыз картина сатқан суретші

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде әлемдік өнердің рәмізіне айналған Винсент Ван Гог тірі кезінде ондай даңққа ие болмаған. Постимпрессионизмнің ұлы өкілі өз дәуірінде кедейшіліктен көз ашпай, қоғам тарапынан қолдау таппаған еді.

Жалғыз картина сатқан суретші

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ресми жазбаларға сүйенсек, Ван Гог 1890 жылы өз-өзіне қол жұмсардан бұрын тек «Арльдегі қызыл жүзім бағы» атты картинасын сатып үлгерген. Бұл туындыны оның әріптесі әрі суретші Анна Бох 1890 жылдың басында сатып алған. Осы дерек оның өмір бойы сатқан жалғыз картинасы ретінде тарихта қалды. Бір қызығы, кезінде бағаланбаған сол туындылар бүгінде әлемдік мәдени мұраның ең қымбат жәдігерлеріне айналды.