Аймақтар • Бүгін, 09:49

Алатау қаласында әуе такси қызметі іске қосылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы мақсатта Қазақстан АҚШ-тан электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алады. Жоспарды жүзеге асыру үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Алатау қаласында әуе такси қызметі іске қосылады

Фото: axios.com

Әуе таксилерін сатып алуға 300 млн АҚШ доллары жұмсалады. Бұл тігінен ұшып-қонатын инновациялық ұшу аппараттары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильді (Urban Air Mobility) жобасының негізі болмақ. Жоба аясында сертификаттау және демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңын құру, сондай-ақ Алатау мен Алматы қалаларының көлік желісіне әуе таксиді интеграциялау жоспарланып отыр.

«Қазақстан инновациялық көліктің болашағына қадам басып келеді. Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу – смарт қалалар мен заманауи технологияларды енгізу бағытындағы маңызды кезең. Бұл шара Алатау қаласын болашақтың жоғары технологиялы, бірегей қала ретінде дамытуға серпін береді», деді Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

аа

Ақпарат үшін: Joby Aero, Inc. (АҚШ) – eVTOL авиация саласындағы әлемдік көшбасшы, сертификатталған электрлі әуе таксилерінің әзірлеушісі.
Вячеслав Ким – Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, «Алатау қаласы» жобасының инвесторы.
Alatau Advance Air Group Ltd. – Қазақстандағы әуе мобильділігі технологияларының операторы және интеграторы.