Университет • Бүгін, 16:51

АҚШ-Қазақстан: бірлескен InnoTech университеті құрылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының C5+1 форматындағы кездесуі шеңберінде Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі, Q Group және Arizona State University жаңа халықаралық University of Innovation and Technology powered by Arizona State University (InnoTech) университетін Алматы қаласында ашу туралы ресми келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-Қазақстан: бірлескен InnoTech университеті құрылады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, InnoTech университеті инженерия, IT, кәсіпкерлік, жасанды интеллект және тұрақты даму салаларында академиялық ұтқырлықты, ғылыми ынтымақтастықты және тәжірибеге бағытталған оқытуды біріктіретін әлемдік деңгейдегі білім ордасына айналмақ.

Жаңа университеттің басты ерекшелігі – отандық үлгідегі және АҚШ-та мойындалған Arizona State University дипломын, екі диплом алу мүмкіндігі. Бұл түлектердің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

«Arizona State University және Қаазқстанның Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастық – еліміздегі білім беру жүйесінің дамуына жаңа серпін береді. InnoTech заманауи оқу үдерісінде озық технологияларды, ғылым мен кәсіпкерлікті біріктіретін символға айналады», деді Q Group басшысы.

Бакалавриат және магистратураның алғашқы білім беру бағдарламалары 2026 жылы іске қосылады. Қазірдің өзінде Алматы қаласында заманауи қалалық кампус дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол оқу, зерттеу және стартап-жобаларға арналған инновациялық кеңістікке айналмақ.