Бағдарлама жас мамандарға ауылдық жерде еңбек етіп, өмір сүруге және кәсіби тұрғыда дамуға жаңа мүмкіндік береді.
Бағдарламаның артықшылықтары:
- Көтерме жәрдемақы: 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;
- Тұрғын үйге жеңілдетілген несие: сатып алу немесе салу үшін 1% жылдық мөлшерлемемен (ЖТСМ – 1%);
- Несие сомасы: елді мекенге байланысты 2 500 АЕК-ке дейін;
- Қайтару мерзімі: 15 жылға дейін.
Қатысуға кімдер құқылы?
Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, агроөнеркәсіп, мәдениет, спорт салаларындағы және ауылдық округ әкімдері аппаратындағы (әкім мен олардың орынбасарларын қоспағанда) мемлекеттік қызметкерлер.
Негізгі шарттар:
- техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тұлғалар;
- несие алған маман кемінде 3 жыл өз мамандығы бойынша ауылдық жерде жұмыс істеуге міндетті;
- бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.
Өтінім беру тәртібі:
- Ауылдық жерден бос жұмыс орнын табу немесе әкімдікке жүгіну;
- Baspana Market платформасында тіркелу;
- Онлайн өтінім беріп, ЭЦҚ арқылы құжаттарға қол қою.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы — жас мамандар үшін өз аймағын дамытуға, еңбек жолын бастаумен қатар баспаналы болуға тамаша мүмкіндік.