Көрме барысында өңірдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы әлеуетін таныстырды. Көрмеге «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы мен «Гормолзавод» серіктестігі өз өнімдерін ұсынды.
Іс-шара аясында облыс делегациясы көлік және сауда интеграциясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге, сондай-ақ Ақмола облысының «Қытай – Орталық Азия» еркін сауда ынтымақтастығы платформасында аккредитациясы және «Aqmola Invest» инвестицияларды дамыту орталығының өкілдігін Цзянсу провинциясының Нанкин қаласындағы «Орталық Азия» Инвестициялық үйінде ашу туралы стратегиялық негіздемелік келісімге қол қойды.
Ұлттық көрме орталығында облыс әкімі Марат Ахметжанов Цзянсу провинциясының губернаторы Лю Сяотао және Нанкин қалалық партия комитетінің хатшысымен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін, өндірістік және логистикалық тізбектерді дамыту мәселелерін, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар өңір делегациясы «Қытай – Орталық Азия» форматындағы еркін сауда ынтымақтастығы платформасын таныстыруға арналған панельдік сессияға қатысты.
Ақмола облысы