Сурет ашық дереккөзден алынды
Қылмыскерлер банк қоймасындағы жүздеген алмазды қолды етіп, ешбір дабылды іске қосылмайтындай, барлығын егжей-тегжей жоспарлаған. Олар тіпті бейнебақылау жүйесін айналып өтіп, полицияны адастырып жіберген. Алайда мінсіз көрінген қылмыс бір бутербродтың арқасында ашылады. Ұрылардың ізін кесіп орманды аймаққа келген детективтер айғақ іздеп, салямимен жасалған бутербродтың қалдығын және жанынан түбіртегін тауып алады. Полицейлер дүкенді анықтап, сол жерден алынған бейнежазбадан Леонардо Нотарбартолоны көреді. Кейін сараптамада бутербродтан дәл сол адамның ДНҚ ізі табылады.