Өзен арнасын 3,6 шақырымға тереңдетіп, үш тоған салу көзделген. Іске асыру мерзімі – 17 ай, құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңында аяқталмақ.
Сандықтау ауданында Балкашино ауылы маңындағы Жабай өзенінің жағалау сызығы бойында арнаны түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Жобаны «Целингидротех» серіктестігі қолға алған, қаржыландыру «Демеу Қазақстан қоры» есебінен қамтамасыз етілген.
Жобаға сәйкес, Жабай өзенінің 5,2 шақырымдық бөлігінде арнаны түзеу және тазалау жүргізіледі. Бүгінде екі учаскеде арна түзетіліп, тереңдігі үш метрге дейін тереңдетілді, жалпы 52 гектар аумақта қамыс пен ағаш өсімдіктерінен тазалау жұмыстары атқарылды. Оң және сол жағалауда қорғаныс бөгеттері тұрғызылды. Жалпы орындалған жұмыстар көлемі – 95 пайыз, қазіргі уақытта өзен түбін земснарядтармен пысықтау тәмамдалып қалды.
Ақмола облысы