Қоғам • Бүгін, 09:58

Қазақстанда арнайы операция кезінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың қазан айында Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату мақсатында бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда арнайы операция кезінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді

фото: ҰҚК

Осы уақыт ішінде полиция органдарымен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен барлығы 40 қару бірлігі тәркіленді. Олардың ішінде жаяу әскерге арналған от атқыш, төрт Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, бес граната және 800-ден астам оқ-дәрі бар.

«Аталған деректер бойынша тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, делінген хабарламада.

ҰҚК заңсыз қару мен оқ-дәрілер айналымына қарсы іс-қимылды жалғастырып келеді.

х