Қоғам • Бүгін, 15:45

Зейнетақы жинағын ипотека мен несие үшін қолдануға болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақы жинағын ипотека мен несие үшін қолдануға болады

Фото: Ашық дереккөз

Салық кодексінің редакциясына сәйкес келтіру мақсатында, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі кірістен жеке табыс салығын ұстаудан босатуды көздейді.

Жоба аясында азаматтарға зейнетақы жинақтарын келесі мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ұсынылады:

  • Ипотекалық тұрғын үй қарызының негізгі қарызын өтеу;
  • Ай сайынғы төлем мөлшерін азайту;
  • Несиенің мерзімін қысқарту.

Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтарға зейнетақы жинақтарын тиімді әрі қолайлы түрде пайдаланып, өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беру.