Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жұмыс республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерде жүйелі түрде жүргізілді. Жерді қайта бөлу жөнінде құрылған республикалық комиссияның 3 және облыстық жұмыс топтарының 42 отырысы өтіп, тексеру нәтижелері мен алдағы шаралар талқыланды.
Тексерулер 2,2 млн гектар жерді қамтыған: 1,8 млн гектар бойынша 1 286 ұйғарым берілген, 281,4 мың гектар жерге қатысты сот процестері жалғасып жатыр. Ал бұрын пайдаланылмаған 464,7 мың гектар жерді жер пайдаланушылар өз бетімен игере бастады.
Мемлекет басшысы Жолдауында «Жер иесіз қалмауы керек, оны тек оның қадірін білетіндерге беру қажет» деп атап айтқаны мәлім. Қайтарылған жерлердің 704,7 мың гектары халыққа берілді: оның ішінде 176,6 мың гектары – қоғамдық жайылымдар, 528,1 мың гектары – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне конкурс арқылы бөлінді.
Сала министрлігінің мәліметінше, жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы жер ресурстарымен жұмыс істеудің тиімділігін, жерді ұтымды пайдалану үшін жағдай жасалғанын және ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына серпін берілгенін көрсетеді.
«Жер аманаты» комиссиясы мен «AMANAT» партиясы процесстің ашықтығын және қоғамның қатысуын қамтамасыз етті.