Сурет ашық дереккөзден алынды
Мұз құрылымы өте тығыз болғандықтан, ол күн сәулесінің қызыл спектрін сіңіріп, тек көгілдір бөлігін ғана өткізіп жіберетіні анықталған. Сондықтан мұздың ішкі қабаттары неғұрлым қалың болса, түсі соғұрлым қою көк болып көрінеді. Антарктида мұздары осы құбылыстың ең айқын мысалы. Ғалымдар мұздың түсін зерттей отырып, оның жасын, құрамын және климаттың өзгеруін анықтайды. Көгілдір мұз – жер тарихының үнсіз куәгері, мыңдаған жыл бойғы климат жазбасы. Табиғаттағы түстің өзі ақпарат тасушыға айналатыны таңғаларлық.
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті