Фото: Envato
«Мен әрдайым тілдердің алуан түрлілігін біздің ерекше артықшылығымыз деп санадым. Қазақстанда ондаған мәдениеттің өкілдері бейбіт өмір сүріп жүр. Елде орыс тілі ерекше таным мен қолдауға ие, себебі ол қоғамның әлеуметтік-саяси, ғылыми-білім беру және рухани өмірінің ажырамас бөлігі болып саналады», деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, орыс тілін қолдау біз үшін халықтар арасындағы диалог пен сенімді нығайтатын кең гуманитарлық ынтымақтастықтың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Сол себепті, Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымын құру бастамасын көтерді.
«Менің сенімімше, Қазақстан жастары бірнеше тілді меңгеруі тиіс — қазақ, орыс тілдерін, сондай-ақ ағылшын, қытай және басқа да тілдерді білу – бұл әлемде табысқа жетудің маңызды шарты», деді Қ.Тоқаев.