Оқиға • Бүгін, 11:18

Елдегі геологиялық деректер түгелдей цифрланатын болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда геологиялық ақпаратты цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Қазірге дейін 3,5 миллионға жуық бастапқы деректер цифрланған, ал жұмысты 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдегі геологиялық деректер түгелдей цифрланатын болды

Фото: Ашық дереккөз

Премьер-министр елімізде 22 түрлі мемлекеттік қызмет көрсететін жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылғанын атап өтті. Бұл платформа лицензияларды автоматты түрде беруге және міндеттемелердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Қазір 3,5 миллионға жуық бастапқы геологиялық ақпарат цифрланған. Бұрын бұл деректер дәстүрлі қағаз нұсқасында, магниттік таспаларда және фотосурет түрінде сақталған.

«Өнеркәсіп министрлігіне Қаржы, Жасанды интеллект министрліктерімен және Ұлттық геологиялық қызметпен бірлесіп, келесі жылдың соңына дейін тарихи деректерді цифрландыру жұмыстарын аяқтауды тапсырамын. Бұл, жалпы алғанда Қазақстан бойынша тарихи және жаңа геологиялық ақпаратқа қол жеткізуді оңайлатып, инвестициялар тарту, кен орындарын барлау мен игеру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруды жеңілдетеді», деді Олжас Бектенов.